1 қыркүйек- Білім күніне орай » Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында 1,11 сыныптар оқушыларына арналған салтанатты жиын өткізілді. Биылғы оқу жылында 42 оқушы мектеп табалдырығын алғашқы рет аттағалы тұрса, 25 оқушы мектеп түлегі. Жиын барысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» негізгі мақсаты таныстырылды.


1 қыркүйек- Білім күніне орай 1-11 сыныптар аралығында » Менің отаным- Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары аясында » Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша қауіпсіздік сабақтары жүргізілді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша мұғалімдерге арналған ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаның мақсаты, міндеті, жаңа бағыттары, жобасы, жұмыс жоспарын құру толығымен түсіндірілді. Сонымен қатар, «Терроризмге қарсы іс- қимыл» заңдары, » Қауіпсіздік ережелері» туралы түсіндірілді.
#біртұтас_тәрбие

5 қыркүйек — Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі М.А.Серикова ақпараттық- танымдық сабақ өткізді.
#біртұтастәрбие

Халықаралық Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» челленджі өткізілді.


«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, » Отбасы күніне» орай жаппай диктант жазу өткізілді.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, ата- аналарды қолдау орталығының жоспары негізінде, » Отбасы күніне» орай, » Уақытты басқару және өзін- өзі ұйымдастыру» тақырыбында ата- аналар жиналысы өткізілді.

Өскелең ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, мейірімділік пен игі істер туралы дұрыс түсінік қалыптастыру мақсатында » Парасаттылық сағаты» өткізілді. «Адал ұрпақ» клубы.
#парасаттылықсағаты2024Ақтөбе

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы іс- шаралар жоспары аясындағы іс — шаралар жоспары бойынша «Спорт күні» өткізілді
#біртұтас_тәрбие

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында биылғы оқу жылынан бастап » Қауіпсіздік сабақтары» енгізілді. Барлық сыныптар бойынша сабақтар аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат өткізіледі.
#біртұтастәрбие

26 қыркүйек — Еңбек күніне орай «Еңбек түбі — береке» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 10″А» сынып. Сынып жетекшісі: С.С.Жакешева.
#БіртұтастәрбиеАқтөбе2024

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мақсатында «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі» тақырыбында педагогикалық ұжыммен жиналыс өткізілді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мақсатында, » Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жоспары аясында, «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі» тақырыбында ата- аналарға ақпараттық-танымдық жиналыс өткізілді. Жиналысқа Қарғалы аудандық емханасының дәрігерлері қатысты.

1 қазан — Халықаралық Қарттар күніне орай » Қарттарым- асыл қазынам» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 8″Б»сынып.Сынып жетекшісі: А.А.Таир

1 қазан — Халықаралық Қарттар күніне орай және 5 қазан — Мұғалімдер күніне орай ардагер ұстаздарды құттықтау акциясы жүргізіліп жатыр. 10″Б» сынып оқушылары Г.Н.Лясотаны құттықтады. Сынып жетекшісі: К.М.Курмашев.»Қамқор» жобасы аясында.

5 қазан — Мұғалімдер күніне орай «Шабыт» жобасы аясында «Даналық ұстаздан» құттықтау челленджі. 2″А» сынып. Сынып жетекшісі: Р.Б.Бисенова. #біртұтас_тәрбие

5 қазан — Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай Дублер күні жүргізілді. #біртұтас_тәрбие

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясындағы іс- шаралар жоспары аясында » Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» акциясы аясында тазалық күні өткізілді. Іс- шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. «Қамқор» жобасы аясында.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясындағы іс- шаралар жоспары және » Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» жеміс- жидектер жәрмеңкесі өткізілді. 2″Б» сыныбы. Сынып жетекшісі: С.К.Есенова.

Атақты батыр Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай 1-11 сыныптарда “Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
