«Петропавл орта мектебі» КММ «Толеранттылық және сыйластық» психологиялық тренинг 

Қатысушылар: 5-7 сынып оқушылары

Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылар арасында толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сыйластықты арттыру, өзара түсіністік пен сенімді нығайту, сондай-ақ эмоцияны дұрыс басқару және қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

Психологиялық тренинг барысында оқушыларға бағытталған сергіту жаттығулары, топтық және жұптық жұмыстар, психологиялық ойындар, жағдаяттық тапсырмалар мен пікір алмасу жұмыстары ұйымдастырылды. Қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірін тыңдау, құрметтеу, қабылдау дағдыларын меңгерді.

Тренинг оқушылардың белсенді қатысуымен өтті, жағымды психологиялық ахуал қалыптасты. Қатысушылар тренингтен алған әсерлерін бөлісіп, өзара қарым-қатынастың маңыздылығын түсінді.

Қосымша ақпарат көздері