Ата-аналар назарына!

2025- 2026 оқу жылында «Петропавл орта мектебі» КММ-нің  ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы №26  бұйрығы және  мектеп  әкімшілігі,  қамқоршылық  кеңесі, ата-аналар комитетінің шешімімен  бекітілген  бірыңғай мектеп формасы  сақталып қала беретінін хабарлаймыз.

1. Қыз балаларға классикалық стильде қою қара көк (тёмно-синий) юбка, сарафан, шалбар және ақ жейде (блузка) (қыздарға арналған юбкалардың ұзындығы тізеден жоғары болмауы керек, джинсы шалбар киюге рұқсат етілмейді)✅

2.Ер балалар формасына қою қара көк костюм,(тёмно-синий) шалбар, ақ жейде.✅(шалбар тобықты жауып тұру керек, джинсы шалбар киюге рұқсат етілмейді)

3.Шаш үлгісі талаптарға сай болуы керек. (ер балаларда қысқа шашты үлгіде)✅

4. Барлық  қыз балаларына  міндетті түрде ШАШ ӨРІЛГЕН ЖӘНЕ  АҚ БАНТИК.✅ ( Барлық қыз балаларға ШАШТЫ БОС ЖАЙЫП ЖҮРУГЕ  РҰҚСАТ  ЕТІЛМЕЙДІ)

5. Гигиеналық талапқа сай шаш, тырнақтың таза, қалыпты болуы және қыз балаларға тырнақ бояуға  рұқсат етілмейді.

6.Дене шынықтыру сабағына барлық  1-11 кластар үшін  бір түсті ақ немесе қара футболка  және қара түсті трико (шорты киюге тыйым салынады) міндеттеледі.✅

8. Мектеп формасына түрлі  діни конфессияларға қатысты киім  элементтерін  қосуға  және жарақаттайтын  фурнитурасы  бар киім  мен аксессуарлар киюге  тыйым салынады.

Осы Ережелер мен талаптар бұзылған жағдайда ата-аналар (қамқоршылар мен заңды өкілдері ) шақырылады және шаралар қолданылады.

Мектеп әкімшілігінің тәртібін сақтау және талаптарын орындау үшін жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы , мектептің Қамқоршылық кеңесінің өкілдерінің қатысуымен рейдтер жүргізілетін болады. 

Рейдтік тексерулердің нәтижелері мектеп ішінде болады.

Түсіністік пен қолдау үшін рахмет!

Қосымша ақпарат көздері