Тренингтің мақсаты – оқушылардың өз шешімдері үшін жауапкершілігін арттыру, болашақ мамандық таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру, өз мүмкіндіктерін бағалай білуге үйрету.
Тренинг барысында «Таңдау», «Өмір жолы», «Мақсат ағашы» сияқты жаттығулар жүргізілді. Оқушылар өз армандары мен мақсаттарын анықтап, дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Топтық жұмыстар арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірін тыңдауға дағдыланды.
Қорытындысында оқушылар болашаққа жоспар құрудың, мақсат қоюдың және әрбір шешімнің өмірге әсер ететінін түсінді. Тренинг оқушыларға жағымды әсер қалдырып, белсенділік танытты.
